«AMANAT» партиясы жанындағы Жастарды қолдау бойынша аймақтық кеңестің кезекті отырысы өтті.  Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.

  1. «Сыр жастары»  жастарға арналған жеңілдетілген ипотекалық несие беру бағдарламасы (жол картасы бойынша)
  2. «ZHAS PROJECT – 2023»  шағын гранттар байқауының қорытындысы

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы «Жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс» бөлімінің басшысы Нұркен Мықбасов баяндама жасады.

Белгіленген заңдылыктарға сәйкес Әкімдік пен «Отбасы банк» АҚ арасында екіжакты келісім шарт жасалып, шілде айында 1,2 млн. тенге қаржы «Отбасы банк» АҚ есепшотына аударылды. Бағдарламаға қатысу үшін құжат қабылдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау, құжаттарды  электронды цифрлық қолтаңба арқылы қабылдап, кіріктірілген базалар арқылы құжаттар дұрыстығын тексеру, автоматты түрде жолдама беру ушін бюджеттен қосымша 5,8 млн. теңге каржы қаралды. Бұл қаржыға «Жастар» ақпараттык сервисі құрылды. Құжат қабылдау 12-26 қазан аралығында ұйымдастырылып, конкурсқа 789 жастан өтінім түсті. Оның ішінде 471 адамның құжаты қабылданды. Ендігі кезекте 25 қарашаға дейін баллы жоғары 100 үміткерге «Отбасы банк» АК КОФ-нан төлем қабілетін растаудан өту үшін жолдама беріледі.  Жыл соңына дейін 100  жас отбасы баспаналы болады деп жоспарлануда, – деді Нұркен Мықбасов.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Zhas project» жобасының Қызылорда облысы бойынша тәлімгері Әкімбек Әлібек жұмыс барысына тоқталып өтті.

«Zhas project» жобасына  278 жас  өтінім білдіріп, 98-і екінші турға өткен. Арнайы құрылған комиссия алдында 42 жас өз жобаларын қорғап, оның ішінде 14 жас 1 млн.теңге қайтарымсыз грантын жеңіп алды.  Жоба аясында 2024 жылдың қаңтар айында тағы да 14 жастың жобасын қаржыландыру көзделген.

Кеңес отырысына қатысуышлар аталмыш тақырыптар аясында сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Жиын қорытындысына сәйкес хаттама толтырылып тиісті мекелерге ұсыныс жолданды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!