Баспаналы болу – әр адамның басты қажеттілігі, өмір сапасының көрсеткіші. Үйі бардың күйі де бар. Содан болар кейінгі жылдары мемлекет жастардың баспаналы болуына жағдай жасап, банкпен ортақ келісім жасау арқылы түрлі ипотекалық бағдарламаларды ұсынып келеді. Жыл басында жарияланған «Сыр жастары» бағдарламасы – соның дәлелі. Өңір жастарына арнайы жасалған бағдарлама жыл соңына дейін алғашқы қатысушыларына жаңа үйдің кілтін табыстамақ. Осы орайда “Отбасы банкі” АҚ Қызылорда филиалы бизнесті дамыту бөлімінің басшысы Шыңғыс Құттықовпен сұқбаттасқан едік.

Шыңғыс Нұрлан­ұлы, бағдар­ла­ма­ға қа­нша қаржы бөлінді?


– «Сыр жастары» өңір­­лік бағ­дарла­ма бо­лып есептеледі. Яғни оған тек сыр­бойы­лық азаматтар ғана қатыса алады. Бағдар­лама бойын­ша қар­жы­лан­дыру көзі об­лыс әкімі тара­пынан да қа­рас­­тырылған. Өт­кен жыл­дың соңына қа­рай об­лыс әкімдігі­мен келіс­сөз жа­са­лып, қаң­тардың 17-сі күні облыс­тық мәс­­ли­хат оты­ры­сында ипо­те­ка­лық бағ­­дар­ламаға облыстық бюд­жет­тен қар­жы бөлу ше­ші­­мі бекі­тіл­ді.
Бағдарламаны қар­жы­лан­дыру бо­­йынша 1 миллиард 700 миллион тең­ге осы жылы игері­луі тиіс. Қаржының кө­­ле­­мі­не қарай есептесек, 100-120 от­ба­сыға жаңа үй беріледі. Банк та­ра­пынан 500 миллион теңге қаржы бө­лінді. Яғни, облыстық бюджеттен бө­лін­ген ақша банкке түседі де банк­тен бөлінген қаржы қосылып, ор­тақ қаржы жинақталады. Содан ке­йін облыс әкім­дігі мен «Отбасы банкі» құрылыс компанияларын сарап­қа салып, таңдау жасалады. Қазір­гі таңда бірнеше құ­ры­лыс компания­сымен келіссөз жүргі­зудеміз. Үйдің салынатын жері, ме­кен-жайы нақты белгіленген жоқ. Бі­рақ шамамен сол жағалауда орна­ла­суы мүмкін.


– Несие не­ше жылды қам­ти­ды? Кімдерге басым­дық беріледі?


Үй алуға берілетін несие банктің ішкі талаптарына сай, 6 айдан 19 жыл­ға дейінгі уақыт аралығын қамти­ды. Бағдарламаға қатысушының тө­лем қабі­леттілігіне байланысты қан­ша жылға берілетіні құжат бойынша бекітіледі. Қатысушылардың барлы­ғына бірдей үй берілмейді, мүмкіндік шектеулі. Жоғарыда айтқанымыздай, кем дегенде 120 отбасының баспа­на­лы болу мүмкіндігі бар.

Қай санат­тағы қатысушыларға басымдық бе­рі­ле­ді? Біріншіден, облыста тіркелген уақы­ты ескеріледі. Яғни қанша жылдан бері өңір тұрғыны, қай жылдан бері тұрақты тір­кеу­де тұр, осының барлығы маңызға ие. Әр­бір жылына байланысты балл беріледі. Екін­ші­ден, отбасындағы адам санына да назар аударылады. Бір бала немесе үш бала болса, әр балаға бөлек балл беріледі. Отбасын құрып, некеде тұрған жылдарының әрқайсысы да баллмен есептеледі. Осылайша жалпы балл­дық жүйе бойынша негізгі және резервтік тізім жинақталады.


«Нұрлы жер» мен аталған бағ­дарла­маның ұқсас тұсы көп. Артық­шылығы не­де?


– Иә, екі бағдарлама шарттары жағы­нан ұқсас. Алайда басты артық­шы­лығы және айырмашылығы – «Нұрлы жер» бағдарла­масына қаты­сушы осыған дейін жалпы үй ке­зе­гінде тұрған, тіркелген болуы керек. Кім ертерек кезекке тұрса, соған басым­дық беріледі. Ал «Сыр жастары» бо­йынша ол нәрсе аса маңызды емес. Ең бастысы, бағ­дар­лама шартына сай баспаналы болуға мүм­кіндігі бар жас мұғалімдер, дәрігерлер, жур­на­листер, мәдениет және спорт сала­сы­ның қызметкерлері, әлеуметтік сала мамандары, коммуналдық қыз­мет, ішкі істер бөлімі және төтен­ше жағдайлар департаментінің қызмет­керлері мемлекеттік мекемеде жұ­мыс істеуі шарт емес. Өңірде жеке мекемелерде қызмет ететін көптеген жас бар. Соларға ерекше мүм­кіндік ту­ғалы тұр. Яғни, «мемлекеттік» деген тіркес алынды. Айта кету керек, бағ­дарламаға 18 бен 35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Облыста кейінгі 2 жыл­да тіркеуде тұ­руы да шарт.


– Сұқбат үшін рақмет!


Әңгімелескен
Дина БӨКЕБАЙ

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!