Мақсат Дауылбай,Облыстық жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары
Басылымның дүние дидарын көрген күнімен Сіздерді құттықтаймын! Қазақтың әрбір жасын, Қазақстанның әрбір жасөспірімін жылы сөздеріңізбен аялап, әрбір білімдар отандасымызды құнды деректерге қанықтырып келесіздер. Бұл – үлкен еңбек, руханиятқа қосқан елеулі үлес!
Мен ең сүйікті газетімнің туған күнінде басылымға бүгінгі шыққан биігінің аласармауын, Ақмешіт жастарының ұстынына айналған ұлағатты үнпарақтың ғұмыр жасының ғасырдан асуын тілеймін!
Жасай бер, жағымды жаңалықтар жаршысы!
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!