Бүгін алғаш рет пилоттық негізде Сырдария және Шиелі аудандары әкімінің сайлауы басталды. 

Аудан және қала әкімдерін тікелей сайлау Президенттің сайлау жүйесін демократияландыру туралы бастамасының бірі. 

Екі ауданда 58 сайлау учаскесі құрылған. Мұнда барлығы 388 комиссия мүшесі қызмет атқарады. 

Таңғы 07.00-де барлық учаске ашылып, өз жұмысын бастады. 

Дауыс беру үй жайлары барлық талаптарға сай жабдықталып, бюллетеньдермен қамтылды. 

Сондай-ақ, мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы жағдайлар жасалып, үйден дауыс беруге өтініш қалдырған азаматтар үшін тасымалданатын жәшіктер апарылатын болады. 

Айта кетейік, Сырдарияда 22101, Шиеліде 50402 сайлаушы тіркелген. 
Дауыс беру жергілікті уақыт таңғы сағат 07.00-ден басталып, кешкі 20.00-ге дейін жалғасады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!