Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейінде Президент Қ.Тоқаевтың “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” атты мақаласы аясында ауданның белсенді жастарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Шараға Шиелі аудандық Жастар ресурстық орталығының кеңесшілері Ы.Қаппаров, А.Рысбаева, “Нартай” өнер мектебінің директоры М.Бекпейісов, № 270 Ғ.Мұхамеджанов атындағы орта мектебінің мұғалімдері Ж.Каукенов, Ғ.Тәжібаев және музей қызметкерлері қатысты. Шараның мақсаты – атабабамыздың тәуелсіздік жолында ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына, қызмет етуге тәрбиелеу. ХХІ ғасырдағы тәуелсіз Қазақстанның дамуының стратегиясы мен мемлекеттік бағдарламаларды қолдау, тәуелсіз мемлекеттің құндылығы – халық бірлігі екенін ұғындыру.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!