«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын берудегі мақсат – белсенді жастардың шығармашылық ортасын қалыптастыру және олардың тың бастамасына мемлекеттік қолдау көрсету. Грант жаңа идея мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде ғылым, мәдениет, ақпараттық технологиялар – жаңа IT, бизнес және медиа бағыттары бойынша беріледі.
Жақында байқаудың қалалық іріктеу кезеңіне 14-24 жас аралығындағы жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері қатысты. Қатысушылар комиссия құрамының алдында өз бағыттары бойынша жобаларын қорғады. Нәтижесінде жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін «Ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша Тұрсынбай Елдосқа, «Бизнес» бағыты бойынша Базарханұлы Расулға және «Медиа» бағыты бойынша Әділхан Досымға облыстық кезеңге қатысуға жолдама берілді.
Айта кетейік, облыстық кезеңде үздік деп танылған 5 жеңімпазға жобаларды жүзеге асыру үшін номинацияларға сәйкес -300 мың теңгеден қаржылай сыйлық табысталады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!