Аймағымыздағы жастар саясатын дамыту және қортындылау мақсатында «Qosyl» қалалық жастар ресурстық орталығы «TALQYLA» қорытынды есеп беру шарасын өткізді. Шараға облыстық және жергілікті жастар мамандары, жастар ұйымдарының жетекшілері, ҮЕҰ секторының басшылары, бастамашыл топ өкілдері және облыстық және аудандық жастар орталығының директорлары қатысты.

«TALQYLA»

Шара барысында орталық тарапынан ұйымдастырылған, жүзеге асырылған, орындалмаған жоспарлы жұмыстармен «Жастар орталықтарының» негізгі жүзеге асыру керек және қосымша жүктемелі жұмыстарын тиімді жүзеге асыру турасында таныстырылым өтті.

«TALQYLA»

2020 жыл мемлекет басшысының жарлығымен «Волонтер» жылы болып бекітілді. Орталықтың қызметінде бұл функциялық қызмет түрі бірінші кезекті жұмыстардың бірі болғандығын  атап өту керек.  Пандемия кезінде ақпараттық таратпа материалдар, маска тарату, оттегі баллондарын жеткізу, әлеуметтік түрлі қызмет көрсету барлығын жүзеге асыра алды.

«TALQYLA»

Қонақтардың ерекше ықыласын танытқан жаңа ақпарат болған бұл «SMM» саласы болды. Орталықтың қызметін ақпараттандыру, дұрыс жұмыс жүргізу, онлайн шараларды ұйымдастыру кезіндегі ерекшеліктер айтылды.   

Қорытынды бойынша орталықтың жыл бойы атқарған жұмыстары сараланып, тәжірибе алмасу үшін ашық диологтік алаң құрылды. Шара соңында, белсенді жастар арнайы марапаттар мен алғысқа бөленді.

Бекен Ғалымжанұлы,

«QOSYL» қалалық жастар ресурстық

орталығының маманы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!