Әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан жастарға әртүрлі бағытта ақысыз негізде оқу курстарын ұйымдастыру мақсатында облыстық жастар ресурстық орталығы «SpeakUp» оқу орталығы арасындағы өзара серіктестік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Мақсат – алдағы уақытта Сыр жастарын тілдерді жетік меңгеруге бейімдеу және білім сапасын жақсартумен қатар, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын үш тұғырлы тіл саясатын жүзеге асыру.
Курстың алғашқы сабақтары басталды. Оған 18 бала қатысып, 2 топқа дәріс өткізілді. Нәтижесінде алғашқы сабақтан-ақ балалардың аяқ-алысы жаман емес екенін байқадым, – дейді оқытушы Гулзат Тастаева.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!