Республикалық «Ел бірлігі» тик-ток хаус жобасынан қызылорда ассамблея жастары бірінші орынды жеңіп алды
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өткен «Ел бірлігі» тик-ток хаус жобасында Қызылорда облысының «Ассамблея жастары» ұйымының мүшелері, белсенді тик-токерлері жеңімпаз атанды.
Айта кету керек, үстіміздегі жылдың 21 қарашасында Астана қаласында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдауымен «Ел бірлігі: Тik-Tok house» жобасы бастау алды. «Қоғамдық келісім» РММ бастамасымен қолға алынған аталған жоба ағымдағы жылдың 18 желтоқсанына дейін жалғасады.
«TikTok house» жобасының мақсаты – жалпымәдени және жалпытарихи құндылықтарды, мәдениетаралық диалогты дамытуға, қазақстандық этностарды «бірлігіміз әралуандықта» қағидаты бойынша біртұтас ұлтқа интеграциялауға, оның ішінде қазақ тілін үйрену және елдің қоғамдық дамуының 100 өзекті тақырыбы бойынша бейнеконтент жасауға бағытталған бірегей алаң құру. Яғни, «TikTok house» – бұл блогерлер ортақ мазмұнды қысқа бейнероликтер түсіретін және оларды #qogam_life ортақ хэштегі бойынша tiktok беттеріне орналастыратын арнайы алаң.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!