Қармақшы ауданы Тұрмағамбет ауылының жастары шөп ору жұмысында белсенділік танытуда.
Өңіріміздің қуаңшылық жағдайына байланысты ауылдық елді мекендердегі мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары мен шаруаларға мал азығын дайындау үшін шөп ору жұмыстарына жастар тартылды.
Осы ретте ауылдық елді мекендерде ұйымдастырылған жастар бригадалары мал азығын дайындау ісіне белсенділік танытты. Соның ішінде бүгінгі таңда Тұрмағамбет ауылының жастары да қысқы мал азығын дайындау, шөп ору жұмыстарына үлес қосып жатыр.
Ауылдық елді мекендердегі жастар техниканың көлемі сыймайтын шағын жерлердегі шөпті орып, бар жұмысты қол күшімен атқаруда. Ал аудандағы ірі шаруашылықтар шабындықты техникамен оруға кірісті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!