Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ауданның белсенді жастармен аудындық оқушылар үйінің алаңында еркін форматтағы кездесті.

ЗАМАННЫҢ ҚОЖАСЫ ДА, ТҰТҚАСЫ ДА – ЖАСТАР!

Оған әлемдік деңгейде танылып жүрген спортшы жастар, аудандық «Серпін» жастары, Ресей Федерациясының жоғары оқу орынында білім алған жастар және түрлі  салаларда, шығармашылық бағыттарда жетістіктерге жеткен жастар қатысты.

ЗАМАННЫҢ ҚОЖАСЫ ДА, ТҰТҚАСЫ ДА – ЖАСТАР!

Аудан әкімі ең алдымен аудандағы «Серпін» жастары ұйымдастырған гүлдер жәрмеңкесімен танысып, «Robo» әлемін шыңдап жүрген жастардың робототехника көрмесімен және халықаралық дәрежедегі спорт шеберелерінің жеткен жетістіктерімен танысты.

ЗАМАННЫҢ ҚОЖАСЫ ДА, ТҰТҚАСЫ ДА – ЖАСТАР!

Мұнымен қоса, аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы қолдан тоқу бұйымдарымен айналысқан, жас кәсіпкер Айдана Дүйсенбаеваның ЭКСПО-2017 көрмесінде Елбасы тұсау кескен ақ киіздің үстінде, сол жерде  бір жасқа енді толған Ажар есімді бүлдіршінніңтұсауын кесті.

Кездесу жастарға арналған алаңда, жастармен бірге еркін сұхбаттасумен жалғасын тапты.  Жастар жиынын аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Асылхан Жұмабекұлы жүргізіп отырды.

ЗАМАННЫҢ ҚОЖАСЫ ДА, ТҰТҚАСЫ ДА – ЖАСТАР!

Жастар ашық түрде сұхбаттасып, еркін ой-пікірлерін білдірді.

Елбасымыздың алға қойған мақсаттарына қол жеткізу үшін алған білімдері мен күш-жігерлерін ауданымыздың өсіп-өркендеуі жолында жұмсауларына тілектестігін білдірді.

Жастар тарапынан айтылған әрбір мәселенің маңызды екеніне тоқталған аудан әкімі алдағы уақытта ұсыныс-тілектер бойынша жұмыстар атқарылатынын жеткізіп, жастардың бастамаларына сәттілік тіледі.

Аталмыш жиын жастардың жанды дауыста айтылған «Ақұдайлар»  әнімен қорытындыланды.

Қазалы ауданының ішкі саясат бөлімінің

«Жастар ресурстық орталығы» КММ

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!