Н.Назарбаев даңғылынан Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылына дейінгі аралыққа да жол түседі. Бұл жобаның мақсаты-қала орталығында көлік кептелістерін азайтып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау. Жоба құны 570 млн.теңге. Осыған байланысты облыс әкімінің қолдауымен республикалық бюджеттен 200 млн. теңге бөлініп, қажетті жұмыстар бастау алды. Бұл көше екі жолақтыға лайықталған, жарықтандыру мен жаяу жүргіншілер жолы қатар жүргізіледі. Мердігер мекеме «Қыран» ЖШС жобаны қыркүйек айында аяқтауды жоспарлауда. Қала әкімі Асылбек Шаменов жол салуда тәжірибесі мол компания басшылығына түсетін жаңа көшенің сапалы салынуын тапсырды.

Ескеретін жайт, жаңа жолды жобалау барысында көше бойындағы тұрғын үйлер мен нысандарға кедергі болмауы, тұрғындарға қолайсыздық туындатпау жайлары түбегейлі зерделенген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!