Скрэнтон университетінің зерттеуіне сәйкес, адамдардың тек 8 пайызы ғана жаңа жылдық уәделерін орындай алады. Егер сіз де осы 8 пайыз адамдардың қатарында болғыңыз келсе, жыл басында берген уәделеріңізді жүзеге асыруға көмектесетін мына 5 кеңесті шолып шығыңыз.
Адамдардың көпшілігі жаңа жылда өз өмірлерін өзгертіп, өздеріне уәде беруді әдетке айналдырған. Оларға жаман әдеттерден бас тарту, спортпен шұғылдану, ақша үнемдеу және жаңа кәсіп бастау сияқты жаңа бастамаларды жүзеге асырғысы келеді. Уәденің орындалуы үшін аянбай еңбек ету керек екендігін кей жағдайда ұмытып кетеміз.
- Үлкен істер кішкентай қадамнан басталады
Нақты мақсат қою сіздің жетістікке жету мүмкіндігін арттырады. Психотерапевт Рачен Вайнштейннің айтуынша, мәселенің бір бөлігі «Мен жаңа жылда мүлдем басқа адам боламын» деген иллюзиямен алдына үлкен мақсаттар қоюдан туындайды.
Егер алдыңызға кішігірім мақсаттар қойсаңыз, оған қол жеткізгеннен кейін, сіз сонымен қатар келесі мәреге жету мүмкіндігін анық көре аласыз. Мысалы, марафонда жеңіске жетуге уәде бергеннен гөрі, кроссовка сатып алып, осы істің алғашқы қадамы ретінде қысқа қашықтыққа жүгіруді бастау тиімдірек болуы мүмкін.
Табыстың кілті – үлкен өзгерістерден аулақ болу емес, мақсатқа жету үшін ұзақ уақыт аралығында нақты алға жылжу.
«Өмірдегі үлкен өзгерістер кішігірім қадамдардан басталады», – дейді Вайнштейн.
- Нақты мақсат қойыңыз
Өзімізге мақсат қойғанда жіберетін ең көп кездесетін қателіктеріміздің бірі – бұл мақсатқа қалай жетуге болатындығы туралы ойланбау. Қадамдарды нақты жоспарлау өте маңызды.
Оксфорд университетінің профессоры Нил Левидің айтуынша, «мен жаттығу залдарына әр сейсенбі күні түстен кейін және әр сенбі сайын таңертең барамын» деген сөз «мен көп жаттығамын» деген абстрактілі уәдеден гөрі үлкен жетістікке әкелуі мүмкін.
Мұндай айқын және қолжетімді мақсаттар сізге мақсатты ғана емес, оған жету жолдарын да көрсетеді.
- Айналаңыздағылардың қолдауынан шабыт алыңыз
Мақсатыңызға жету жолында айналаңыздағы жақын адамдарыңыздан шабыт алу жақсы мотивация көзі бола алады. Ол сондай-ақ досыңызбен курсқа бару немесе басқалармен жоспарларыңызбен бөлісу түрінде болуы мүмкін.
Уорвик университетінің философы, уәде беретін және оны орындайтын факторларды зерттеген доктор Джон Майкл: «егер біз өз уәдеміздің басқа адамдар үшін маңызды екенін түсініп, байқасақ, әсіресе, уәдемізді орындай алмауымыз жақындарымызға зиян тигізетін болса, өз міндеттемелерімізді орындау ықтималдығымыз жоғарылайды», – дейді. Осы мағынада басқаларды мақсатыңызға қосу сіздің оған жетуіңізді жеңілдетеді.
- Сәтсіздікті жеңу
Егер сізге мақсатыңызға жету қиын болса, тоқтап, жағдайды бағалаңыз: қандай кедергілерге тап болдыңыз? Қай стратегия жақсы жұмыс істеді, қайсысы пайдасыз болып шықты?
Көп жұмыс істеуге тырысыңыз және ең кішкентай жетістікті де тойлауға дағдыланыңыз.
Егер сіз мақсатқа жетуге бел буған болсаңыз, неге өз еркіңізді нығайтудың басқа тәсілдерін қолданып көрмеске?
Күнделікті өмірдегі қарапайым өзгерістер де дұрыс жолға түсуге көмектеседі.
- Уәдеңізді ұзақ мерзімді мақсаттармен үйлестіре біліңіз
Мінез-құлық психологиясының маманы Энн Суинберннің айтуынша, сіз өзіңізге бере алатын ең жақсы уәде – бұл түсініксіз және өткінші емес, бірақ ұзақ мерзімді мақсаттар жолында алға жылжуға көмектесетін уәделер.
Мысалы, сіз бұрын спортпен айналыспаған болсаңыз, кенеттен керемет спортшы болуға ант бермеңіз. Бұл дәл қазір орындай алмайтын уәде.
«Тек, өздеріне ғана сенетін адамдар сәтсіздікке ұшырайды», – дейді Суинберн.
Сонымен, егер сізде сізді толғандырып жүрген немесе қызықтыратын мақсат болса, жұмысыңызды алғашқы күннен бастап жоспарлаңыз және жолда кездесетін кез келген кедергілерді жеңуге тырысыңыз.
massaget.kz
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!