Жақында ғана Қызылорда облысының «Жас құтқарушы» клубтарының (үйірме) арасында облыстық слет өткізілді. Аталған слетке қала және аудандар арасында өткен сайыста үздік шыққан командалар қатысты.
Слет қорытындысы бойынша Жаңақорған ауданы білім бөліміне қарасты №167 орта мектептің оқушылары 3 орынды иеленді.
Осы орайда бүгін слет жүлдегерлері дипломмен, медальдармен және бөлім бастығының Алғыс хаттарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар жазғы демалыс күндері суға шомылу маусымы кезінде судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау мақсатында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, бүгін тағы бір оқу жылы аяқталып, мектеп бітірушілер мен оқу жылын аяқтаған балалар үшін «Соңғы қоңырау» соғылуда.
Жаңақорған ауданының әкімі Мұрат Жолкелдіұлы Тілеуімбетов кент орталығындағы №286 орта мектебінде болып, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесі күні «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты шараның куәсі болды.
Аудан әкімі ұстаздар мен оқушыларды, ата-аналарды соңғы қоңырау мерекесімен құттықтай отырып түлектерге алдағы ҰБТ сынағынан сүрінбей өтіп жоғары деңгейден көріне берулеріне тілектес екендігін жеткізді. Сонымен қатар, бұл күн оқушыларға ғана емес, олардың ата-аналарына, сонымен бірге бір жылдық қажырлы еңбекті қорытындылайтын мұғалімдер үшін де үлкен мереке екендігін атап өтті. Қымбатты да, қадірлі ұстаздар қауымын осынау ауыртпашылығы мен жауапкершілігі мол кәсіпті атқарып жүргендеріңізге алғысын білдірді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!