Биыл маусымдық мал азығы – шөп мәселесі халыққа ауыр тиіп жатқаны белгілі. Сол себепті Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемовтің бастамасымен тау беткейіндегі ауылдық округтердің шаруалары үшін «Түгіскен» тұқым шаруа қожалығынан тегін шөп орып алуы­на мүмкіндік жасалды.
Бастаманы алғаш болып, Қыраш, Қосүйең­кі ауылдық округінің жастары қолдап, шөп орымның басына жетті. Олар осылайша жанашырлықтың нағыз үлгісін көрсетуде.
Келген жастар жатын орын, тамақпен қамтамасыз етілген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!