Шиелі ауданында «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына» орай «Тәуелсіздік – тынысым, бүгінгі дәулетің – ертеңгі ырысың» атты патриоттық жастар акциясы өтті.

Жастар акциясын Шиелі ауданының ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығы мен Қызылорда облысының жастар одақтары қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Аталған шараға ауданның жастары белсенді қатысып, жас патриоттар жастар атынан үндеу оқып, жастар ауданның тазалығына тұрғындарды зор ықыласпен қатысуға шақырды.

Шара барысында кент орталығына санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!