«Amanat» партиясы Сырдария аудандық филиалының мәжіліс залында партия филиалы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті.
Кеңес отырысын кеңес төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Ақтөре Ибрагимұлы ашып, жүргізді. Кеңес отырсының күн тәртібінде үш мәселе қаралды.
Кеңестің алғашқы қараған мәселесе Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығының биылғы жылы атқарған жұмыстары турасында болды. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Нұрман Абдрасилов баяндама жасады. Ол аудандағы жастар саясатының 2022 жылы орындалуы бойынша толық ақпарат берді.
Кеңестегі екінші мәселе бойынша аудандық партия филиалы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес құрамын қайта қарау ұсынылды. Аталған мәселе бойынша жиылғандар өз ойларын ортаға салды.
Кеңестің үшінші мәселе бойынша аудандық партия филиалы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің келер жылға жұмыс жоспарын талқылау болды. Аталған мәселелер бойынша кеңес төрағасы Ақтөре Ибрагимұлы түсіндірме жасады. Кеңес отырысының қорытындысы бойынша шешім қабылданды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!