Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – жастар ара­­сын­дағы жұмыссыздықты жою. Сонымен қа­тар студент жастар­дың бос уақытын тиім­ді ұйым­дастыру, еңбекке баулу арқылы мау­сым­дық жұмыстарға тарту.
Биылғы оқу жылында облыс көлемінде техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің өзінен 5624 жас маман атануда. Олардың жұмысқа орналасуы, мемлекеттік бағдарламалар арқылы алғашқы тәжірибесін жинақтау үшін «Жастар практикасы», «Қоғамдық жұмыс» бағдарламасы туралы да ақпараттар ұсынылды.
Жәрмеңке аясында 20-дан астам мекеме мен кәсіпорын­нан 150 бос жұмыс орындарына сұраныс бойынша қабылдау жүрді. Нәтижесінде 192 азамат, оның ішінде кеңес алушылар 52, сұхбаттасуға 27, тікелей жұмысқа орналасуға 18, маусымдық жұмысқа 7 азамат жолдама алды.
Келушілердің сұранысына сәйкес бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!