«Жастар рухы» Жастар қанатының кезектен тыс VI съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Білімге деген ұмтылыс, адал еңбек пен отансүйгіштік» деп жастар үшін маңызды үш басымдықты атап өткен болатын.
Еңбекке деген басымдықты іске асыру мақсатында «AMANAT» партиясы 2023 жылдың қаңтар айынан бастап «Жастарға жұмыс!» жобасын қолға алды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп іске қосылған жоба жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған.
Жобаның басты мақсаты – жастар арасында жұмыссыздықты азайта отырып, олардың тұрақты жұмысқа тұруына мүмкіндік жасау. Соның арқасында жастар маман ретінде біліктілігін арттырып, кәсібилігін шыңдай түседі.

«Жастарға жұмыс!» жобасы жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған


Жоба аясында «Жастар рухы» ЖҚ облыстық филиалы мен «Инвестмент-Н» және «Ордакент» ЖШС арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумына қол қойылды.
«Ордакент» ЖШС директоры Бермаханова Нагима бухгалтерия саласында 13 жылдық өтілі бар үздік маман, Д.Казанцев серіктесі. Жас бухгалтерлер мен кәсіпкерлерге жалпыға бірдей декларация және салық тақырыбында консультативтік көмек көрсете алады.«Инвестмент-Н» ЖШС директоры Оңалбаев Нұржан әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы білімі мен тәжірибесін бөлісу мақсатында жас кәсіпкерлерге тәлімгерлік қызмет көрсетеді.
Сонымен қатар алдағы уақытта мамандық бойынша студенттерді өндірістік практикадан өтуге және тұрақты жұмыспен қамту бойынша жоспарлы түрде жұмыс жасайды.
– Бұл қадам жастар арасында кәсіби маман ретінде өзін тауып қана қоймай, кәсібін ашып, табыс табуына мүмкіндік туғызады. Біз бұнымен тоқтап қалмаймыз. Жоспар бойынша бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырып, облыстағы жұмыс беруші мекемелермен кәсіпорындарды тарту көзделген. Меморандум бойынша кәсіпорындар бос жұмыс орны болған уақытта хабар береді. Біз өз тарапымыздан жұмыс іздеген жастарға ақпарат таратып, жұмысқа тұруға ықпал жасаймыз, – деді «Жастар Рухы» ЖҚ облыстық филиал төрғасы Ә.Баймұрза.
Айта кетейік, үстіміздегі жылы «Жастар рухы» ЖҚ облыстық филиалының ұйымдастырумен өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде 16 жас «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы арқылы, 5 жас маусымдық негіздегі жұмыспен қамтылған болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!