Аңыз бойынша журналист болып жұмыс істеген Габриэль Гарсия Маркес 32 жасқа келген кезде, үстелге отырып: «Жетер. Енді ешқандай жұмысқа да, азық-түлік алуға да бармаймын. Роман жазып болмайынша, үстелден тұрмаймын» депті. Сонда әйелі мен баласы «Ал біз ше?» сұрақ қойған екен.

«Өздерің біліңдер» деген екен сонда Маркес. «Полковникке ешкім жазбайды» (Полковнику никто не пишет) атты әңгімеде дәл осындай жағдайда кейіпкер: «Ал біз немен тамақтанамыз?» деп сұраған жарына дұрыс жауап бермеген.

Маркестің әйелі дауласпай бір жыл ма, екі жыл ма, өзі жұмыс істеп, өзі азық-түлікке барып жүріпті. Осылай «Жүзжылдық жалғыздық» романы дүниеге келген екен.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!