Жансая ТІЛЕУ, Qyzylorda телеарнасының тілшісі:

«Еліміздің ертеңі – жастар! Біз жастарға жаңа мүмкіндіктер беруіміз керек. Бұл – бизнес ашу, білім алу, жұмысқа орналасу, табыс табу деген сөз. Өз өмірін жақсартуға, мансабы бойынша жоғарылауға арналған әлеуметтік лифтілер іс жүзінде жұмыс істеуі керек. Біздің елімізде бәсекеге қабілетті әрі талантты жастар көп. Сондықтан осындай креатив жастарға кеңінен жол ашып, жағдай жасау керек. Олар жастық шақтың күш-қайратын егемен елімізді өркендетуге жұмсайды деп сенеміз» деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев. Бүгінгідей сананы смартфон билеген заманда салмақты сөз, орнықты ойымен қазақ жастарын серпілтетін басылымның бірі ‒ «Ақмешіт жастары» газеті. Осы міндет жолында, көп жоқтың есесін түгендеуге еңбек етіп жүрген газетке биыл – 8 жыл.  Газет ұжымы жастардың мұң-мұқтажын жоқтап, ар-намысын қорғап, олардың әлеуметтік мәселелерін батыл көтеріп келеді. Соның нәтижесінде жыл сайын оқырмандар қатары көбейе түсуде. Осы орайда «Ақмешіт жастары» газетінің ұжымына шығармашылық шабыт, еңбектеріне табыс тілеймін!

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!