SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген АҚШ-тағы әйгілі Madison Square Garden сахнасында өтетін концерті қарсаңында жанкүйерлеріне ерекше өтініш жасады.

Әнші өз үндеуінде қазақстандықтарды да, шетелдік тыңдармандарды да бірге мемлекеттік гимнді орындауға шақырды.

«5 қазан күні Madison Square Garden сахнасында біз Қазақстанды бүкіл әлемге танытамыз. Бұл ерекше кеште мен сіздерді Отанымыздың гимнін бірге айтуға шақырамын. Сіздер мен үшін жай ғана көрермен емессіздер, Қазақстанның жақын достарысыздар. Гимн Америка жүрегінде біздің мақтанышымыздың, халықтар достығы мен бірлігіміздің символы болып шырқалсын», — деп жазды Димаш Instagram парақшасында.

Әнші сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнінің қайырмасын жариялап, тыңдармандарды дайындалуға үндеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!