Sputnik. Алматының жас таланттары «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына ие болды, деп хабарлады қала әкімдігі.

150 өтінімнің ішінен алты бағыт бойынша 13 жеңімпазға грант табысталды: ғылым, мәдениет, IT, бизнес, медиа және еріктілік қызмет. Әрқайсысына жобаларын жүзеге асыру үшін 1 миллион теңгеден берілді.Басқарма өкілі Нұрсұлтан Бекқайыров атап өткендей, бұл грант талантты жастарға идеясын дамытуға және елдің дамуына үлес қосуға мүмкіндік беру мақсатында президент тапсырмасы бойынша тағайындалған.

Марапаттау рәсіміне қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және қала белсенді жастары қатысты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!