Астанадағы банк бөлімшесінде болған ерекше оқиға қазақстандық әйелдің әлеуметтік желідегі жазбасында талқылануда, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, күйеуі күтпеген жерден танымал әнші Димаш Құдайбергенмен жолығып қалған. Оқиға ТРЦ «Керуен» сауда орталығында болған.

«Бәрі күнделікті тәртіппен басталды. Біз Халық банк бөлімшесінде кезекте тұрдық, күйеуім Димашты байқап қалды. Ал мен ішім пысып, дүкен аралап кеттім», – дейді әйел.

Сол сәтте күйеуі әншіге жақындап, бірге суретке түсуге тырысқанымен, телефонының қуаты таусылып қалған. Димаш өзі телефонын ұсынып, суретті WhatsApp арқылы жіберген.

Қысқа әңгіме барысында күйеуі дәрігер екенін айтқан. Бұған Димаш:

«Нағыз жұлдыздар – адамдардың өмірін сақтап қалатын дәрігерлер», – деп құрмет көрсетті.

Әйел бұл сөздерден ерекше әсер алғанын айтады:

«Шын мәнінде, дәрігерлер еліміздің нағыз элитасына айналуы керек», – дейді ол.

Автор сондай-ақ Димаштың қарапайымдылығы мен кішіпейілділігін ерекше атап өткен:

«Ол өте қарапайым әрі кішіпейіл адам. Кейде өмірде тәкәппар адамдарды көргенде «әлемдік деңгейде танымал болса не болар еді?» деп ойлайсың», – дейді әйел.

Оқиға Threads желісінде тез таралып, қолданушылар арасында жылы пікірлер тудырды.

Димаш Құдайбергеннің қарапайымдылығы желіде сөз болды

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!