Димаш Құдайбергеннің әні америкалық платформаларда бірінші орынға шықты деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Америкалық «iTunes Top 100» қосымшасында Димаштың «Smoke» трегі 32-орында тұр. Тағы бір чарт «Amazon» – да ол ән «Best Sellers in Songs» санатында 10-орын иеленген. «Smoke» фольклорлық вайбты электронды музыкамен және барлық жағынан жоғары вокалмен үйлестіретін композиция деп бағаланған «Best Sellers in Pop» категориясында бұл ән бірінші орыннан көрінген.

Бұл туралы Димаш Құдайбергеннің жеке сайты жазды.

Америкалық БАҚ-та әнші туралы мақала да жарық көрген.

«Димаш Құдайберген бүкіл әлем бойынша көрермендерді неоклассика, поп-музыка, қазақ фольклоры мен заманауи музыканың бірегей бірігуімен баурап алып, Азияның ең танымал әртістерінің біріне айналуда. Димаштың өнердегі еркіндігі оған қайталанбас және мәңгі есте қаларлық дыбыстық ландшафт жасау үшін дәстүрлі қазақ әуендерін әлемдік музыкамен араластыра отырып, әртүрлі музыкалық стильдерді еркін зерттеп, жаңа өнер жауһарын ойлап табуға мүмкіндік беруде. Димаш үшін музыка – жай ғана көңіл көтеру құралы емес, бұл әлемдік сахнада Қазақстанның бай мәдениетін көрсетуге арналған платформа», – деп жазылған мақалада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!