Латынамерикалық жанкүйерлер Димаштың «Angel Love» әнін қазақ тілінде орындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әншінің баспасөз қызметінің ақпаратынша, өнер иесінің Латын Америкасындағы жанкүйерлері «Latam, Voices of Love» жобасы аясында ерекше бейнебаяндарын ұсынды. Аргентина, Мексика, Перу, Чили, Боливия, Уругвай, Доминикан Республикасы және Коста-Рика елдерінен жиналған Dears өнерпаздың репертуарындағы жүректі тербейтін туындылардың бірі — «Angel Love» әнін қазақ тілінде орындады.

Әннің музыкасын – Ренат Гайсин, ал сөзін белгілі ақын Қалқаман Сарин жазған.

«Көптеген қатысушылар үшін бұл жоба тек музыкалық тәжірибе ғана емес, сонымен қатар қазақ тілі мен мәдениетіне, әрі Димаштың шығармашылығына деген ерекше құрметтің көрінісі болды»,- делінген ақпаратта.

Жобаға қатысушылардың сөзінше, бұл ән арқылы тек әуезді әуенді ғана емес, оның жан тебірентер рухын жеткізеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!