фото: коллаж BAQ.KZ

Америкалық поп-жұлдыз Дженнифер Лопес бүгін түнде, 1 тамызға қараған түні Қазақстан астанасына ұшып келді. Әлемдік жұлдыз Astana Arena-да концерт өткізетіні белгілі.

BAQ.KZ редакциясы анықтағандай, әртіс ұшып келуі мүмкін рейс Flightradar24 қосымшасында бекітілген.

Біз 30 шілдеде Джей Лоның UP ALL NIGHT әлемдік туры аясында концерті өткен Шарм-эль-Шейхтан ұшқан сапарды бақыладық. Жергілікті уақыт бойынша сағат 18:23-те дәл сол жерден AEH430 (Amelia International) чартерлік рейсі ұшып шығып, Қазақстан уақытымен сағат 02:28-де Астанаға – Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына (NQZ) қонған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!