Ержан Максим Дубайда өткен Sanremo best song 2025 ән байқауының Гран-приін жеңіп алды. Бұл туралы 17 жастағы оралдық әншінің өзі Instagram-дағы парақшасында жазып, сүйінші сұрады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ержан Қазақстан халқы мен жанкүйерлеріне қолдауы мен сенімі үшін алғыс айтты.
«Sanremo best song 2025 Dubai халықаралық әншілер конкурсын бағындыру бұйырған екен, қадірменді ағайын. Ендеше, ерекше сезіммен осы жеңісімді барлық менің өнерімді бағалап, осы күнге дейін мені қолдап жүретін қазақ еліме басымды иемін!!! Бірақ осы жолы бесіктен осы күнге мәпелеп өсірген, өнеріме бар өмірін арнаған анам мен әкешіме арнағым да келеді! Туған-туыс пен жақындарыма, ұстаздарым мен достарыма және барлық қолдау білдірген жан ағаларыма!!!», – деп жазды ол.
Ержан Максим Оралда дүниеге келген. Ол Ресейдің «Первый канал» телеарнасындағы «Голос» жобасына, сондай-ақ көптеген отандық және шетелдік вокалдық байқауға қатысқаннан кейін танымал бола бастады.
Екі жыл бұрын ол WAF CONTEST әлемдік байқауының Гран-приін жеңіп алды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!