Қала күні аясында шығармашыл және өнер саласының жастары арасында «ӨНЕР БАРЫСЫ-2024» жарысы өтті.

Жарысымыздың мақсаты: өнер, мәдениет, медиа, ғаламтор жұлдыздарын жарыстырып, шаршы алаңда бас қосуға себепкер болу. Сондай-ақ осы жоба арқылы руханиятымыз бен дәстүрімізде үлкен орны бар қазақ күресін кеңінен насихаттау, бұқаралық спортты дамыту болып табылады.

Жарысқа 50 жас тіркеліп, іріктеуден 25-і өткен болатын. Қатысушылар 85 кг-ға дейін және 85 кг-нан жоғары салмақта 2 топ болып бақ сынасты.

Жеңімпаздар:

85 кг-ға дейін
1 орын Жорабек Нұртілеу
2 орын Баймұрза Әсетхан
3 орын Дүкенбаев Асылхан

85 кг-нан жоғары
1 орын Балтақожа Олжас
2 орын Нұрпейісов Нұрымжан
3 орын Оспанов Қуаныш

Жеңімпаздар диплом, ақшалай сертификаттармен және 1 орын иегерлері «Өнер барысы» белбеуімен марапатталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!