Қазақстандық «Қажымұқан» көркем фильмі Италияда өткен IPAAF – Apoxiomeno халықаралық XXIX кинофестивалінде топ жарды. Бұл туралы фильм режиссері Қанағат Мұстафин айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Туынды «Үздік фильм» номинациясын жеңіп алды. Одан бөлек, «Үздік ер адам рөлі» номинациясын актер Ербол Төлепберген, «Үздік режиссура» номинациясын Қанағат Мұстафин, ал «Үздік сценарий» номинациясын Қанағат Мұстафин мен Жанат Қасабеков иеленді.
«Өте қуаныштымын! Еңбегіміздің осылайша жоғары бағаланғанына алғысым шексіз!»—деді туынды режиссері.
Айта кетейік, фильм Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген еді. Бұған дейін Қанағат Мұстафин тарихи фильм сценарийіне 2012 жылы кірісіп, 2020 жылы түсірілімін бастап, 10 жылдан астам уақыт зерттеу жүргізгенін айтқан.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!