Фото: https://www.instagram.com/ordatoby/

“Белгісіз жан” әні арқылы танылып, көпшіліктің ықыласына бөленген “Орда” тобы сахнамен қоштасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иелерінің сахнада жүргеніне биыл – 25 жыл. Топтың таралу себебін топ мүшелері Revue News бағдарламасында айтып берді. 

“Осы жылғы тур біздің ортақ соңғы турымыз болмақ. 15 ақпанға үлкен қоштасу кеші жоспарланып отыр. Бұл «Орданың» 25 жылдық қоштасу концерті болады. Меніңше, тарайтын кез келді. Әрқайсымыздың жұмысымыз бар дегендей. Көңілде қимастық бар, әрине», – деді Дастан Оразбеков.

Өнер иесінің сөзінше, «Орда» тобы тарағанымен, топ мүшелері түбегейлі өнерден кетпейтінін жеткізді.

«Ешқайсымыз өнерден түбегейлі кетпейміз. Әркім өзі жолымен жүреді. Мысалы, Нұрлан Бішкекте «Елес» тобымен өнер көрсетеді. Оның үстіне қолөнері бар. Ерболат продюсерлік жұмысын жалғастырады, үлкен мега жобалары да бар. Есболат сценарист, кино саласына бет бұрып жатыр», – деді әнші. 

Еске салайық, Орда тобының 2000 жылғы видеосы жұртты күлкіге қарық қылған еді. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!