Фото: автордан
Қызылордада креативті кәсіпкерлер сауда көрмесі болып өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның басты мақсаты – қолөнершілерді дәріптеу, тәжірибе алмасу және жоғалып бара жатқан ежелгі қолөнер тұрлерін сақтап қалу дейді ұйымдастырушылар.
Бүгін қаламызда кәсіпкерлер сауда көрмесі ұйымдастырылып отыр. Негізгі мақсаты да сол – қызықты, креативті, ежелгі қолөнер түрлерін сақтап, қайта жаңғырту. Көрмеге 14 шебер қатысып отыр. Олардың әрқайсысы өз саласында жетістікке жетіп, өнерімізді дәріптеп отқандар, – дейді Айдана Маратовна.
Көрмеге қатысып отырған Мира Исабаева осы кәсіп түрімен 3 жылдан бері айналысып келе жатқан кәсіпкер. Ол қазақы жол сөмкелерін. былғарыдан төсеніштер, аяқ-киімдер жасайды. Айтуынша мұндай сөмкелер қазіргі таңда сұранысқа ие отандық өнім.
Сауда көрмесіне келген қызылордалықтардың легі көп. Олар келіп, ұлттық өнерімізді тамашалап, ұнағанын сатып та алып кетуде. Бір қызығы, кәсіпкерлер көрме аясында тек өнімдерін сатып қана қоймайды, сондай-ақ түрлі тренингтерге қатысып, қаржылық сауаттарын арттырады, – деді ол.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!