Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Самға» би тобы «Бақытты елдің ұрпағы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілген республикалық «Дала сазы» өнер байқауында Бас жүлдені жеңіп алды.
Шығармашылық байқау аспапта ойнау, көркем сөз, хореография, вокал, бейнелеу және қолөнер, шығарма, театрландырылған қойылым, дәстүрлі ән, академиялық ән номинациялар бойынша өткізілді. Сыр бойылық бишілер «Хореография» жанры бойынша 14-16 жас ерекшелігінде өнер көрсетті. «Самғаның» ұсынған «Аманат» би қойылымы қазақ халқының жігерлігін, қайсарлығын және ұлттық патриотизмді сипаттайтын отансүйгіштік секілді қасиеттерді сүреттейді.
Мықты хореографиялық дағдылары мен креативті композициялық идеяларымен ерекшеленген «Самға» би тобы 2022 жылдың мамырында Алматы қаласында өтетін халықаралық байқауға жолдама алды.
Айта кетейік, жеңімпаз би тобының жетекшілері мектептің хореографтары Жұлдызай Мәуленова мен Ақмарал Әлібекова арнайы сертификаттарға ие болды
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!