Мәдениет саласында мән берерлік шара көп. Соның бірі 7 маусым күні облыстық филармонияның концерт залында «Жылы жүздесу» айдарымен  өткен – «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері, әнші Үміт Медеуованың бенефис-концерті.

40 жылға жуық Сыр сахнасында өнер көрсетіп келе жатқан Үміт Еменқызының репертуарындағы әндерін «Жылы жүздесудің» қағидасына сай филармония әртістері мен шәкірттері орындап, көрерменнің, ұстаздың ыстық ықыласына бөленді.  Айта кетейік, қоңыр үнімен қошемештке бөленгендердің қатарында «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі, «Томирис» би ансамблі, «Тұран» триосы, аспапты трио және  «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегерлері  И. Елубаева, Р.Ысқақова, Г.Алиханова, С.Тасбергенова, М. Аманжолов, Б. Молдабергенов, Р. Үсенов, Б.Найманов, З. Баймұрзаева, А.Әбді, А.Махамбетжанова, А.Қойшығара есімді әншілер бар. Сонымен бірге «Әдем»  балалар музыкалық театр студиясының әртістері Қ. Боранбаев, Қ.Әбжалиев, Қазанғап атындағы Қызылорда жоғары колледжінің ерлер хор ансамблі, Е. Омаров, Т. Бауыржанқызы, Ф.Аманжолұлы өнер көрсетті.

 Айта кету керек, бенефис-концерттің идея авторы және режиссёры – «Мәдениет саласының үздігі», Сырдың сырбаз аруы Азиза Издикулова.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!