Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Нью-Йоркте STRANGER атты жеке концертін беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.
Әнші Нью-Йоркте Stranger әлемдік турының арнайы бағдарламасын ұсынады.
«2025 жылдың 5 қазанында әйгілі Madison Square Garden сахнасында алғаш рет ТМД елінің өнерпазы жеке концертін береді. Әр шығармасы неоклассикалықстилімен танымал қазақстандық әнші әрі композитор, мульти-аспапшы және продюсер Димаш Құдайберген Нью-Йоркте «Stranger» атты әлемдік турының арнайы бағдарламасын ұсынады.2025 жылдың 5 қазанында Нью-Йоркте Madison Square Garden сарайында кездескенше», – деп жазылған әншінің Instagram парақшасында жарияланған хабарламада.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!