фото: stan.kz

Танымал жұлдызды жұп Ерке Есмахан мен Raim су жаңа көлік алып, жұп нөмерге ие болды. Ерке өзінің жеке парақшасына көліктің фотосын жариялап сүйіншіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қос талант иесі қараша айының соңғы күндерінде сәбилі болмақ. Алайда әнші перзентханаға баруға асықпайды.

“Әзірге өзгеріс жоқ, бөпетайыммен отырмыз үйде. Шығуға асықпайтын бір жұлдыз болып тұр. Былтыр туған күніме күйеуім, ол кезде жігітім, көлігіме осы нөмірді сыйлаған еді. Биыл екеумізге жұп нөмір алып жатыр. Маған ұнап тұр. Күйеуімнің көптен күткен көлігі бүгін келіп, қуанып жатырмыз. Құттықтап қойыңыздар”, – деп жазды әнші.

Еркенің айтуынша, күйеуінің тізгіндейтін су жаңа темір тұлпарының маркасы – Cadillac. Оның нарықтағы бағасы 60 миллион теңгеден басталып, 86 миллион теңгеге дейін барады. 

Желі қолданушылары жұлдызды жұпқа құтты болсын айтып жатыр. 

Айта кетейік, елге есімі белгілі азаматтардың арасында Cadillac көлігін осы күнге дейін Төреғали Төреәлінің күйеубаласы Дархан Нортаев мінгенін жазған болатынбыз. Оған әйелі, блогер Фариза Төреәлі сыйлаған. 

“Айтпақшы, автобус алдым. Мені енді осы машинада жиі көретін боласыңдар. АҚШ-қа барғанда осы көлікті көріп, қатты “ауырып” қалғаным бар. Салонға барып тек көріп қайттым. 100 пайыз барлық жағынан ұнады. Елге тапсырыс беріп, біраз күтіп жүргенмін. График бойынша келуіне бірнеше күн бар еді. Фариза мен ағам ғана көліктің елге келгенін естіпті. Маған солай тосынсый жасады. Мықты еркектің артында әйел тұрады”, – деп жазған болатын спортшы.  

Ерке мен Raim ұлдары Мүсілім үшеуі көліктің ішін көрсетіп, видео түсірген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!