Фото: Астана ТЖД баспасөзінен

Астанада сұлулық салонында өрт шығып, 10 бала құтқарылды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. 

«Астаналық өрт сөндірушілер Алматы ауданы Петров көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан сұлулық салонындағы өртті сөндірді», – деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Кіреберістен екі бала құтқарылып, 10 адам эвакуацияланды, оның сегізі балалар.

Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!