20 жастағы жігіт Шымкенттен 15 қаңтар күні көлік құжатын алуы керек болған. Алайда оның жоғалып кеткені туралы ақпарат тарап, денесі табылған, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
БАҚ беттерінде марқұмның ағасының пікірі тарады.
“Төлеметов көшесі жақтан табылды, 21 күн дегенде. Сол уақыт бойы асылып тұрмаған. Болса сол 20-күндері көз жұмған. Оған дейін ондай болмаған. Егер 20 күн бойы тұрса еттің бәрі іріп-шіріп кетеді ғой. Баланың денесі қазір сараптамада. Өзінің сөмкесінің бауына асылған. Ол енді аса салмақ көтермейді. Қолдан жасалған деп ойлаймын өзім”, – дейді Бәйдібек Еділбектің ағасы.
Жоғалған жігіттің жақындары полицияның соңғы екі-үш күнде ғана іздеуді күшейткенін айтады.
“Полицейлер соңғы 2-3 күнде жұмыс істеді. Оған дейін қимылдамады. Камерасының бәрін өзіміз қойып беріп отырдық. Оған дейін полициядан хабар болмады. Білгеніміздей Шымкенттегі камераның 5 пайызы ғана бақылап, қалған 95 пайызы айыппұлға жауап береді екен”,– дейді қайғыдан қан жұтқан Бейбарыстың ағасы.
Еске салайық, 14-қаңтар күні 20 жастағы жігіт Түркістан облысынан Шымкент қаласына құжат алу үшін шыққан. Алайда кейіннен оның мәйіті табылды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!