Фото: ҚР ТЖМ

Семей қаласында бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде электр қалқаны жанып кетті. Бұл туралы Azattyq Ruhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Баспалдақ маршы арқылы құтқарушылар 2 ересек адам мен 1 баланы құтқарды. Сондай-ақ 40 адам, оның ішінде 10 бала өздері эвакуацияланды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!