Фото: ТЖМ

КАZINFORM — Таразда ер адам өз үйіне от қойған. Сол кезде үйде болған әйелі жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Кейіннен үйдің маңынан отағасының мәйіті табылды. 

«Жақында түрмеден босап шыққан 54 жастағы ер адам мен әйелінің арасында жанжал болған. Сол кезде үй иесі үйді өртеп жіберген. Кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Оның денесі өз үйінің маңынан табылды. Денесін күйік шалған әйелі ауруханада қайтыс болды. Аталған дерекке қатысты қажетті сараптамалар тағайындалды», — делінген Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бұған дейін Таразда қасақана өртелген үйдің ішінде әйел көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз.

Оны құтқарушылар жедел жәрдемге тапсырып, ауруханаға жеткізілген еді.

Денесінің 98 пайызын күйік шалған. Бүгін таңертең әйел есін жимастан жан тапсырды.  

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!