АҚШ-тың Нью-Джерси штатында Ньюарка Либерти әуежайынан ұшып шыққан ұшақ кенеттен апатқа ұшырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

New York Post таратқан ақпаратқа сүйенсек, көлік ұшағының қозғалтқышы істен шыққан.

Куәгерлер түсірген видеода лайнердің оң жақ қозғалтқышы өртеніп, ол ұшу-қону жолағына қайта ұшып келе жатқаны көрінген.

Нью-Йорк пен Нью-Джерси порттық басқармасы таратқан ақпаратқа сәйкес, Boeing 767 ұшағының өртенуіне құстармен соқтығысуы себеп болған.

Ньюаркадан Индианаполиске бағыт алған FedEx 3609 рейсі ұшу кезінде құстармен соқтығысып қалған. Экипаж бірден төтенше жағдай жариялап, Ньюаркке аман-есен оралды. Біздің ұшқыштарымыз бен шұғыл қызметтің әрекеттеріне ризамыз, – делінген хабарламада.

Қозғалтқыштың қаншалықты бүлінгені мен өрттің ауқымы нақты анықталған жоқ.

Лайнер бортындағылардан ешкім зардап шекпегені айтылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!