Фото: pexels.com

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Іргелі ауылында екі жігіт дала әжетханасына құлап, улы газдардың әсерінен қайтыс болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ РЖҚЖ-ның Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

РЖҚЖ жедел тобы мәйіттерді шығарып, полицияға тапсырды.

«Назар аударыңыз! Ешқашан ашық дәретханаларға немесе шұңқырларға бағалы заттарыңызды құлатып алсаңыз да, түспеңіз. Бұл улы газдармен улану және тұншығу қауіпіне байланысты өмірге қауіп төндіреді. Қажет болса, құтқару қызметіне хабарласыңыз», – деп ескертті РЖҚЖ өкілдері.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!