Фото: El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney

Алматы облысының өрт сөндірушілері ірі өртті сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Іле ауданында құрылыс қоқысы өртеніп, оның алауы жеке тұрғын үйге және салынып бітпеген ғимараттың шатырына ауысқан.

398 шаршы метр алаңдағы өрт ТЖМ қызметкерлерінің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында толықтай сөндірілді Зардап шеккендер жоқ., – делінген ТЖМ хабарламасында.

Өрттің себебі анықталып жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!