Фото: Видеодан скриншот

Алматы облысы Кеген ауданында кәріз құдығынан үш адамның денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәйіттер мәйітханаға жіберіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалған. Аталған дерек полицияда тіркелді. 

Қазір істің мән-жайы анықталып жатыр. Ал желіде оқиғаның себебіне қатысты түрлі нұсқа тұрады. Оған сәйкес, жергілікті тұрғындар су мәселесін шешу үшін кәріз құдығына түсіп, кейін тұншығып қалған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!