Алматы облысында көпірден автобус шағын автобустың үстіне құлап кетті. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«12 қыркүйекте «Yutong Bus автобусының» жүргізушісі «Алматы-Бішкек» тас жолының 25 шақырымында келе жатып, кері маневр жасап, рульді басқара алмай, қоршауға соғылып, көпірден құлап, Mercedes Benz Sprinter көлігінің артқы жағына соғылған», – делінген хабарламада.

Мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.

Оқиға салдарынан автобус жүргізушісі ес-түссіз болып, түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Полиция жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғады. Көліктер арнайы тұраққа қойылған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!