Алматы-Қарағанды тасжолында 18 сәуір күні таңертең жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиға бүгін таңғы сағат 5:30 шамасында Қарағандыдан 25 шақырым жерде болды. Toyota Alphard жүргізушісі рульге ие бола алмай, жолдың шетіне соғылған.

Нәтижесінде оқиға орнында екі жолаушы қаза тапты.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, оның аясында қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД.

Құқық қорғау органдары жүргізушілерден жолда жылдамдық режимін сақтауды сұрайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!