Алматы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының аспалы жолында тұрып қалған адамдарды эвакуациялаған сәттің кадрларын жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқу-жаттығуларға барлығы 260 адам мен 77 техника жұмылдырылған.

«Жаттығудың жоспарына сәйкес, электр қуаты апатты жағдайда сөніп қалған кезде аспалы жолдың да жұмысы тоқтап қалды. Біз адамдарды фуникулерден құтқардық, – деді Алматы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!