Фото: Massaget.kz/Нұрбол Жылыс
Алматыда автобус пен тепловоз соқтығысты. Massaget.kz тілшісі оқиға орнына барды.
Тосын жайт Әуезов көшесінде, Гагарин көшесіне жетпей, оңтүстік бағытта болған.
Автобусқа айтарлықтай зақым келген. Қоғамдық көліктің орта бөлігі опырылып қалған.
Куәгерлердің айтуынша, автобус тепловоздың ескертуін елемей, өтіп кетемін деп ойлаған.
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілі әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ екенін мәлімдеді.
Cуреттер: Massaget.kz
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!