9 қарашада Алматыдағы «Перзент» балалар үйінде өрт шықты. Балалар үйінің директоры Әмина Әжібаева әлеуметтік желіде үндеу жасады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол осы төтенше жағдайды пайдаланып, ақша жинамауды сұрады.

«Бұл да бір сынақ болды. …Ешкім ештеңе сұрап жатқан жоқ. Баратын жеріміз бар. Ең бастысы балалардың бәрі аман. Тек бір-бір киіммен жүгіріп шығыпты, бастысы бастары аман. Ешкімнен жәрдем жиып жатқанымыз жоқ. Осы жағдайды пайдаланып, ақша жинайтын тіршіліктеріңді тоқтатыңдар», – деді балалар үйінің директоры.

Еске салайық, 9 қарашада Наурызбай ауданы Алтын Орда көшесі, 6а мекенжайында орналасқан «Перзент» жекеменшік балалар үйі аумағында өрт шықты.

Алматыда балалар үйі өртенді: Әмина Әжібаева үндеу жасадыАлматы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!