Алматыда Солтүстік айналым аймағында орналасқан екі қабатты қойма өртеніп жатыр. Бұл туралы бүгін ТЖД баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«ТЖД күштері мен құралдары жеткен кезде Солтүстік айналым мекенжайында орналасқан сауда бутиктерінің ашық жалынмен жануы анықталды. Өрт сөндіру жасақтары оқиға орнына алты минутта жетті. Өрттің кеш хабарлануына және қойманың жану жүктемесінің көп болуына байланысты өрт өрши түскен»,—делінген хабарламада.

Министрлік жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылғанын атап өтті. Қазіргі таңда судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етіліп жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!